Жаңалықтар тізбегі
0

"Демократия институты" жүргізген exit poll қорытындысы

сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.03.2023 00:27 Сурет: Zakon.kz
"Демократия институты" зерттеу қауымдастығы сарапшылары exit poll мәліметтерін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Демократия институты" ғылыми-зерттеу қауымдастығының жоба директоры Татьяна Башарина Qazaqstan телеарнасының телемарафонында айтты.

Оның айтуынша, бір тәулікте 12 мың сайлаушыдан сауалнама алынған.

Сауалнама нәтижесі мынадай: 

  • Amanat партиясына сайлаушылардың - 53,33%-ы;
  • "Ауыл" партиясына - 11,26%-ы;
  • "Ақ жол" партиясына - 8,87%-ы;
  • Қазақстан халық партиясына - 6,93%-ы;
  • Respulica партиясына - 8,33%-ы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 5,12%-ы;
  • "Байтақ" жасыл партиясына - 2,51%-ы;
  • "Бәріне қарсы" - 3,65%-ы дауыс берген.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметі бойынша, қазақстандықтардың 54,19 пайызы мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді.

Сайлаушылардың ең көбі Қызылорда облысында (65,70 пайыз), ал ең азы Алматыда (22,95 пайыз) дауыс берген.

Шетелдегі учаскелерінде 5 мыңға жуық қазақстандық сайлауға барған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: