Ойылдағы су тасқыны: залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмысын бастады

Ақтөбе, су тасқыны Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысы Ойыл ауданында су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия жұмысын бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, көктемгі су тасқыны кезінде келтірілген залалды бағалау жөніндегі комиссия Ойыл ауданының Қаратал ауылындағы үйлер мен аула аумақтарын тексеруге кірісті.

Алдын ала мәліметтер бойынша, елдімекенде 5 үй мен 25 аула су астында қалған.

Облыс аумағында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр: 14-19 наурыз аралығында 475 036 текше метр еріген қар суы сорылған, 29 333 дана қап төселген, ұзындығы 3600 метр жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 14 637 текше метр инертті материал әкелінді, ұзындығы 325 метр уақытша бөгет салынды, 593 550 мың текше метр қар шығарылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз