Жаңалықтар тізбегі
0

Наурыз: 20 мыңға жуық полицей мен ұландық мейрам күндері жұмыс істеп жатыр

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2023 15:15 Сурет: polisia.kz
Наурыз мейрамын тойлау күндері Қазақстан бойынша 20 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгері қызметке кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Астананың жедел басқару орталығында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік полиция департаменттерінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізді.

"Сіздерге осы мереке күндері қызмет атқару міндеті жүктеліп отыр. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет. Әрбір өтінішке құлақ асып, қамқорлық және ұқыптылық таныту парыз. Барынша сыпайы болып, мұқияттылық көрсеткен абзал. Тұрғындар полиция мен Ұлттық ұланның қашан да қоғам қауіпсіздігінің кепілі екеніне сенімді болуға тиіс",  деді ведомство басшысы.


Сонымен қатар ол әріптестерін келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: