Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.03.2023 09:09 Сурет: akorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды "он екі айдың сұлтаны" деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен. Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды рөл атқарып келеді. Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ораза қабыл болсын!" Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

2023 жылы Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады. Сәуірдің 17-нен 18-не қараған түні Қадір түні болады. 21 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Биыл пітір-садақа мөлшері 535 теңге болып бекітілді.

2023 жылғы Рамазан айындағы ораза және намаз кестесі

Қасиетті Рамазан айы: оразаға қалай дайындалу керек

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: