Дзюдодан Үлкен дулыға бəсекесінде қазақстандық спортшылар қола медаль жеңіп алды

дзюдо Cурет: Қазақстан дзюдо федерациясы
Мағжан Шамшәдин (60 келіге дейін) Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Үлкен Дулыға бəсекесінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол жүлде жолында отандасы Қанат Сейілханды ұтты. Бұл Мағжанның Үлкен Дулыға турниріндегі 2-қола жүлдесі. Мағжан іріктеу кезеңінде кипрлік жəне өзбекстандық дзюдошыдан басым түсті.

Ширек финалда грузиялық спортшыға есе жіберді. Ал жұбаныш белдесуінде португалиялық Родриго Коста Лопестің осал тұсын тапты.

Ал әйелдер арасында Əбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) испаниялық Лаура Абелинда Мартинесті ұтып, Тбилисидегі Үлкен Дулыға бəсекесінің қола жүлдегері атанды.

Қазақстандық кездесудің басында вазари ұпайын алды. Отандасымыз 2-айналымда украиналық, сосын израильдік Тамар Мальчаны жеңді. Алайда ширек финалда сербиялық Милица Николичке есе жіберді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз