FIDE президенті Жансая Әбдімәліктен басқа Гран-приге қатысушылардан кешірім сұрады
Жансая Әбдімәлік Үндістан Гран-приінен жарыс өтетін жерге келген бойда бірқатар қолайсыздықтарға байланысты шығып қалды, деп хабарлайды ФИДЕ баспасөз қызметі. Ол жоқта қазір турнирде 11 шахматшы қалды, ал ұйымдастырушылар жаңа кесте бойынша Үндістан Гран-при кезеңін шұғыл белгілеп, жарыс уақытында өтеді.
ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, қалған 11 қатысушыға ресми кешірім сұрап хат жолдады. Әлемдік шахматшылардың басшысы Гран-придің үшінші кезеңін ұйымдастырудағы оқиғаны шешуге уәде берді. FIDE шахматшылардың Үндістанға келген кездегі қосымша шығындарын өтейді.
Гран-придің 3-кезеңі 26 наурызда басталады, Қазақстанның намысын екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қорғайды.
Бұған дейін блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлікті Делидегі маңызды халықаралық турнирді тастап кеткені үшін сынаған болатын.
Әбдімәлік әріптесін екіжүзділікпен айыптады.