Алматы - Өскемен тас жолында екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті

Жол апаты Жетісу облысы Көксу ауданы маңында тіркелді. Алматы - Өскемен тас жолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. Олардың бірі - кәмелетке толмаған бала", делінген полиция хабарламасында.
Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталатыны нақтыланады.
Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу
0
Толық оқу