Путин "Астана опера" театрының директоры Ғалым Ахмедьяровты Пушкин медалімен марапаттады

Марапаттау рәсімі Сурет: Facebook/AstanaOpera
РФ Президенті Владимир Путин "Астана опера" театрының директоры Ғалым Ахмедьяровты Пушкин медалімен марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті Жарлық Ресей Федерациясының құқықтық ақпараттық ресми интернет-порталында жарияланды.

"Пушкин медалімен: Ахмедьяров Ғалым Әлиұлы - "Астана опера" мемлекеттік опера және балет театры" коммерциялық емес акционерлік қоғамының директоры, Қазақстан Республикасының азаматы", делінген құжат мәтінінде.

Пушкин медалімен тағы бірқатар отандастарымыз марапатталды: Шымкент қалалық Орыс драма театрының директоры Игорь Вербицкий; Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов; "Славяндар" қоғамдық-мәдени орталығының төрағасы Галина Щербакова; Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі Валерия Крымская.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз