Путин генерал Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады

Путин генерал Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.07.2025 17:33 Сурет: archive.president.kz
Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің директоры, генерал Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамованы марапаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей Федерациясы президентінің 2025 жылғы 17 шілдедегі № 284-рп "Марапаттау туралы" өкімінің толық нұсқасы "Құқықтық актілердің ресми жарияланымы" сайтында жарияланды.

"Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға қосқан еңбегі үшін Байқадамова Алуа Бақытжанқызына Ресей Федерациясы Президентінің Құрмет грамотасы табысталсын", - делінген құжатта.

Сурет: Ресейдің Қазақстандағы елшілігі

2025 жылғы 9 мамырда Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі архивінен алынған Қазақстан Президентінің әкесі, гвардия сержанты Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыстады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: