Жаңалықтар тізбегі
0

Еркін Рақышевтің "Бақытыңды аяла" дейтін жаңа фильмі жарыққа шығады

Бақытыңды бағала, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 01:18 Сурет ашық дереккөзден
Еркін Рақышевтің "Бақытыңды аяла" дейтін жаңа фильмінің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, фильмде COVID пандемиясының асқынған шағы суреттелген. Осы кезде ауруханаға ауыр жағдайда науқас түседі. Басты кейіпкер Қуат қауіпке қарамай, жасанды дем беру арқылы қызды аман алып қалады. Араға біраз уақыт салып Аружан есімді сол қызды қайтадан жолықтырады. Содан бері жігіттің өмірі күрт өзгереді.

"Қуаттың кейіпкерін сомдау қиын болған жоқ. Бірден бір себеп: менің де өмірім ол жігітке ұқсастау. Мен де барынша қолдан келгенше көмектесіп, жұртқа сөйтіп жүремін. Кино одан әрі мейірімді болуды, қайырымды болуды, иманды болуды үйретті". Актер Абай Мәжитов

Фильм режиссері Еркін Рақышев бұл фильмде қоғамдағы өзекті мәселені қозғағым келді дейді.

"Мен әр киномда қоғамда туындаған проблеманы көтергім келеді. Мәселелерді, атап айтқанда, мысалы, жетімдерді, өздеріңіз білесіздер, "Әйгерім" деген немесе "Жаралы сезім", "Астанаға көктем кеш келеді". Әр кинода қоғамда туындаған проблемаларды көтеремін. Киноны біз жарты жылдай түсірдік. Бюджеті 30 мың доллар. Ақша табу да бізге қиынға түсті". Режиссер Еркін Рақышев

Фильм демеуші табылып, сәтті түсірілген. Қазір кинотеатрлармен келіссөз жүргізіліп жатыр екен. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: