Жаңалықтар тізбегі
0

Фара мен Вахтанг Кикабидзенің соңғы фильмі жарыққа шығады

Фархат Әбдірайымов, актер, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 17:54 Сурет: фильмнен үзінді
Алматы қаласындағы кинотеатрлардың бірінде қазақстандық актер Фархат Әбдірайымовты еске алу кеші өтті. Актердің достары, әріптестері және оның өнерін жоғары бағалайтын жанкүйерлері жиналды.

Кеште актер туралы деректі фильмнің таныстырылымы өтті, сондай-ақ оған танымалдық әкелген әйгілі "Фара" фильмі көрсетілді.

Бұдан бөлек, Әбдірайымовтың және жақында өмірден өткен Вахтанг Кикабидзенің қатысуымен түсірілген жаңа туындының премьерасы жарияланды.

Фархад Әбдірайымов 2021 жылдың мамыр айында Тбилисиде қазақстан-грузин киножобасының түсірілімінде қайтыс болды. Бұл коронавирус пандемиясына байланысты ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы түсірілім болған. Ол фильмге грузин театры мен киносының ұлы маэстросы – Вахтанг Кикабидзе де қатысты. Өкінішке қарай, "Больше чем любовь" деп аталатын бұл картинада Фархад Әбдірайымов пен Вахтанг Кикабидзе соңғы рөлін сомдап шықты.

Аталған фильмнің премьерасы көктемде өтеді. Фархад Әбдірайымовты еске алу кешінде басқа екі туынды көрсетілді. Біріншісі – "Дос" деп аталатын деректі фильм. Онда Фархаттың достары мен әріптестері актер жайлы естеліктрімен бөліседі. Кино және өзге де мәденеит саласының майталмандары Әбдірайымовтың мейірімділігі мен жомарттығы туралы әңгімелейді. Сондай-ақ фильмде марқұмның актерлік өмірдің егжей-тегжейі туралы ойларымен бөліскен сұхбаты да көрсетіледі.

Сонымен қатар, кеште "Фара" фильмі жұрт назарына ұсынылды. Бұл актердің көрерменге ең есте қаларлық рөлі десек болады. Көптеген адам бұл фильмді Фархаттың шығармашылығындағы бірінші рөлі деп ойлайды. Негізі, олай емес. Ол өзінің актерлық мансабын 30 жасында бастаған. Ол кезде Абай Қарпықовтың "Тот, кто нежнее" кинолентасында түскен. Дәл осы режиссер бұрынғы аспаздан жұлдыз жасауға уәде берген еді. Және өзінің үздік туындыларының бірі "Фара" фильмі арқылы бұл уәдесін орындап шықты. Осы рөлі арқылы Фархат бүкіл посткеңестік кеңістікке әйгілі болды. Картина 1999 жылы жарық көрді. Басты рөлді сомдаған Фархат Әбдірайымов Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің жүлдесіне ие болды. Ерекше ретро-эстетикада түсірілген фильм ескі Қазақ Кеңестік киносымен қоштасу сәті болғандай әсер қалдырды.

Фильмде екі дос – Фара мен Боба туралы баяндалады, олардың бірі екіншісінің өмірін сақтап қалу үшін өледі. Тірі қалған Фара досына деген ризашылығын өмір бойы ұмытпайды. Досы туралы естеліктері кейіпкерге 90-шы жылдардың басындағы көптеген қиын жағдайлардан шығуға көмектеседі.

Фархат Әбдірайымов, актер, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2023 17:54

Сурет: фильмнен үзінді

Фильмнің жарыққа шыққан шағы да онда қозғалған тақырыптардың өзектілігін толық түсінуге қолайлы уақыт еді. 1999 жыл. 90-шы жылдар біртіндеп артта қалған. Ересектер жаңа, қатігез уақытқа қарғанда, адамдар арасындағы қарым-қатынас әлдеқайда жоғары бағаланған кезді, өздерінің балалық шақтарын жиі еске алатын.

Сонымен қатар, аталған фильм ескі Алматының нағыз кино ескерткішіне айналды. Ескі шаһардың сұлу кең панорамалық кадрлары жергілікті алматылықтарды да, қала қонақтарын да баурап алады. Қаланың сәулет ескерткіштері да өткен тарихтан сыр шертеді. Фильмде Ғылым академиясы, Вознесенск соборы, "Алатау" кинотеатры және басқа да ескі ғимараттарды көруге болады.

Айтпақшы, Фархат Әбдірайымовтың өзі осы фильмнің жалғасын түсіруді армандаған. Тіпті, әлеуетті инвесторлармен де келіссөздер жүргізіпті. Бірақ, өкінішке орай, тағдырына жазылмаған екен.

Дегенмен, "Фара" фильмі де, актер Фархат Әбдірайымовтың өзі де көрермен жадында жарқын бейнесімен есте қалмақ.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: