Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы халқы қазақ балетінің аңызы Болат Аюхановты соңғы сапарға шығарып салды

Алматы халқы Болат Аюхановты соңғы сапарға шығарып салды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2022 11:07 Сурет: Zakon.kz
15 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында Қазақ КСР-нің халық әртісі Болат Аюхановпен қоштасу рәсімі өтті. Көрнекті өнер иесін соңғы сапарға шығарып салуға оның туыстары, әріптестері мен шәкірттері келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 желтоқсанда 85 жасқа қараған шағында көркемдік жетекші, Қазақ КСР халық әртісі Болат Ғазизұлы Аюханов дүниеден өтті.

Алматылықтар мен қала қонақтары Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының ғимаратында қазақ балетінің мэтрын соңғы сапарға шығарып салу үшін жиналды. Себебі көрнекті ұстаз өмірінің саналы бөлігін осында еңбек етті.

Қоштасу шарасына Абай атындағы Қазақ Ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Бөкебаев, оның орынбасары Қанат Қаражанов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, балет труппасы, басқа да әртістер қатысты. Алматы театрлары, әріптестері, сондай-ақ сахна корифейлерімен бірге Болат Ғазизұлының жанкүйерлері қоштасты.

Әртіспен қоштасу рәсімін Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының директоры Нұрбақыт Бөкебаев ашты. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Болат Ғазизұлының туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын оқып, көңіл айтты.

"Қазақ балет өнерінің майталманы Болат Ғазизұлының қайтыс болуы - қазақ мәдениеті үшін орны толмас қаза. Жатқан жері жайлы болсын!" Нұрбақыт Бөкебаев

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев та Болат Ғазизұлының мамандығына адалдығымен көрерменнің сүйіспеншілігі мен құрметіне ие болғанын, өнер қайраткерлері мен бишілерінің, шәкірттерін тәрбиелеп шығарғанын атап өтіп, отбасы мен жақындарына көңіл айтты. 

"Болат Ғазизұлы мен үшін ұстаз, үлгі болды. Ұстаз ретінде өмірімнің барлық саласын қамтыды. Біріншіден, кәсіби жағы. Ол маған биші ретінде жанын, білімін салды, содан кейін режиссер-балетмейстерім болды.Бұл үшін оған терең тағзым білдіремін.Айтқанымдай, ол менің өмірімнің барлық аспектілерін қамтыды және әрқашан менің не үшін өмір сүретінімді, мені не мазалайтынын білді және ең қиын сәттерде ол маған бағыт-бағдар беретін сөздерді тапты. Алға қойған мақсаттарға жетуге үгіттеді. Болат Ғазизұлы әрқашан өзінің жарқын туындыларында және менің жүрегімде сақталады". Балет әртісі Болат Аюханов Дияр Әкенев

Алматылықтар балет аңызын ұзаққа созылған қошеметпен, қол шапалақтап соңғы сапарға шығарып салды.

Болат Аюханов - қазақ кеңестік балет әртісі, балетмейстер және педагог. Қазақ КСР Опера және балет театрының солисті, Алматы хореографиялық училищесінің жетекшісі, Алма-Ата жас балетінің негізін қалаушы және тұрақты жетекшісі. Қазақ балетінің «тірі аңызы» саналады.

Zakon.kz редакциясы Болат Ғазизұлы Аюхановтың отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: