Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда қаралы қауым Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды

Қоштасу рәсімі, Алматы, Мұрат Әуезов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2024 11:21 Сурет: Zakon.kz
Алматыда қаралы қауым Қасиетті Құрбан айттың бірінші күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезовті ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоштасу рәсіміне министрлік пен әкімдік өкілдері, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым, марқұмның туған-туыстары, дос-жарандары қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының көңіл айту хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды.

Қоштасу рәсімі, Алматы, Мұрат Әуезов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2024 11:21

Сурет: Zakon.kz

Марқұм Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленетін болады.

Марапаттар, қоштасу рәсімі, Мұрат Әуезов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2024 11:21

Сурет: Zakon.kz

Жаназа асы бүгін сағат 13:00-де Құрманғазы көшесі, 44 үй мекенжайындағы Қабылдау үйінде болады.  Ал қонақ асы - сағат 18:00-де Достық даңғылы, 304 үй мекенжайындағы "Жалын" мейрамханасында.  

Қоштасу рәсімі, Алматы, Мұрат Әуезов, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2024 11:21

Сурет: Zakon.kz

Айта кетсек, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасына қараған шағында дүниеден озды (1943 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауылында дүниеге келген). Ол - қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, қазақтың тұңғыш роман-эпопеясы - "Абай жолының" авторы Мұхтар Әуезовтің баласы.

1965 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын филолог-шығыстанушы мамандығы бойынша бітірді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елді өзгертуге белсене қатысты. Әуезов "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті (1989-1990) болды. Парламент депутаты болып, әдеби зерттеулермен айналысты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш елшісі қызмет атқарды.

Мұрат Әуезов 2007 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді; І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: