Жезқазғандағы пәтерлердің бірінен анасы мен қызының денесі табылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2025 13:49 Фото: Zakon.kz
Жезқазған қаласындағы пәтерлердің бірінде 59 жастағы әйел мен оның 17 жастағы қызы аса қатыгездікпен өлтірілген. Анасының денесінен жеті пышақ жарақаты табылған. Ал қызды, болжам бойынша, сыммен буындырып өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, марқұм болған бойжеткен Астанадағы халықаралық колледждің екінші курсында оқыған.

Ұлытау облысы Полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі бұл дерек бойынша екі адамды өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні "ізін суытпай" қолға түсіргенін айтты.

"Тергеу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі.

Тергеушілердің айтуынша, қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

"Істі тергеу барысы полиция басшылығының ерекше бақылауында", – делінген Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұған дейін алматылық әйелдің үстіне ағаш бұтағы құлап, мерт қылғандығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: