Жезқазғандағы кейбір көшелерге жаңа атаулар берілді

Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімімен Жезқазған қаласындағы бірқатар көшелерге атаулар беріліп, кей көшелердің атауы өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2025 09:42 Сурет: akorda.kz
Ұлытау облысы әкімдігінің қаулысы мен мәслихаттың шешімімен Жезқазған қаласындағы бірқатар көшелерге атаулар беріліп, кей көшелердің атауы өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жезқазған қаласында мынадай өзгерістер болды:

  • Мир даңғылы – Бейбітшілік даңғылы болып өзгертілді;
  • Либкнехт көшесі мен Карл Либкнехт тұйығы (екеуі бір көшенің жалғасы болып табылады) – Қамза Жұмабеков көшесі болып өзгертілді.

Сонымен қатар, бұрын атауы болмаған көшелерге мынадай атаулар берілді:

Батыс ауданның бірінші кезегіндегі бірінші көшеге – Бектай Әбсаттар көшесі;

Батыс ауданның екінші кезегіндегі бірінші көшеге – Қалкен Мәкенбаев көшесі;

Батыс ауданның екінші кезегіндегі екінші көшеге – Түсіп Секеманов көшесі.

Аталған бірлескен қаулы 2025 жылғы 10 қазаннан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: