Алматының бірнеше көшесіне жаңа атаулар беріледі
Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласындағы көше атауларын өзгерту және жаңа атаулар беру туралы Алматы қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда бірнеше көшені қаланың белгілі тұрғындарының атымен өзгерту жоспарлануда
Қала тұрғындарынан мегаполис көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімдерін беру туралы өтініштер келіп түсті.
Жобаға сәйкес жоспарлануда:
Алматы қаласындағы келесі көшелердің атауы өзгертілсін:
- Бостандық ауданы Юрий Гагарин даңғылының бір бөлігі (К.Тимирязев көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін) – Ермек Серкебаев даңғылы болып өзгертілсін;
- Әуезов ауданы Юбилейная көшесі - Владимир Толоконников көшесі болып өзгереді.
Алматы көшелеріне атаулар берілсін:
- Түрксіб ауданы "Жас қанат" шағынауданының атаусыз көшесі – Ескендір Хасанғалиев көшесі болып аталады;
- Бостандық ауданының атаусыз көшесіне – Юрий Померанцев есімі бетіледі.
Шешім жобасы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберілетін болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript