Ел аумағында 145 адам қызылша ауруымен тіркелді

Қызылша ауруы тарап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 14:38 Сурет: pixabay
145 адамнан қызылша ауруы табылды. Оның 75-і зертханада дәлелденді.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді. Дәлелденген 75 жағдайдың дені 14 жасқа дейінгі балалар.

Көбі - екпе алмаған. Дерт вакцинадан бас тартқан, медициналық қарсы көрсетілімі бар және екпе алу жасына жетпеген 6 жасқа дейінгі балалар арасында дендеп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар, Түркия, Мысыр, Тәжікстан мен Қырғызстаннан келгендерден де ауру табылған. Ал профилактикалық екпеден бас тартқандардың саны биыл 31 мыңнан асты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: