Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте 350-ге жуық тұрғын апатты жағдайдағы жатақханада өмір сүріп келеді

Шымкентте апатты жатақханалар көп, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 17:19 Сурет: Zakon.kz
Тұрғындар құжат жасап беруін сұрап тиісті мекемелерге талай барыпты. Ал жауаптылар «өздерің заңсыз кіріп алғансыңдар» деп кері қайтарып жіберетін көрінеді.

Шымкенттің Тассай елдімекенінде 350-ге жуық тұрғын апатты жағдайдағы жатақханада өмір сүріп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

3-топ мүгедегі Айжан Елшиева жатақханада 20 жылдан бері тұрып келеді. Ол алғаш көшіп келгенде бұл аумақ Сайрам ауданына қарамағында болған. 10 жыл өтсе де, қазір Тассай елдімекеніндегі жатақхана тұрғыны әлі күнге дейін құжатсыз жүр. Қандай да бір мемлекеттік қызмет түрін алу үшін тұрғылықты мекенді растайтын құжат сұрайтынын айтқан тұрғындардың ендігі талабы – талай жыл мекен еткен үйдің заңды иесі атану.

«Бір жерге барсаң, ХҚКО-да ылғи құжат сұрайды. Бұл үйдің құжаты жоқ, қайдан аламыз? Ауада тұрмыз ғой. Қыстыгүні суықта қалың киім киіп, аман қалдық. Үй жылытатын қондырғыны да көп қоса алмаймыз. Себебі ақшасы қымбат боп кетеді», – деді қала тұрғыны Айжан Елшиева.

Тұрғындар құжат жасап беруін сұрап тиісті мекемелерге талай барыпты. Ал жауаптылар «өздерің заңсыз кіріп алғансыңдар» деп кері қайтарып жіберетін көрінеді. 80-нен астам отбасы тұратын жатақханаға бүгінге дейін табиғи газ да кірмеген.

«Құжат жоқ, тұрғын үйге ешкім тіркелмеген. Өзіміз кәріз құбырын жасадық, төбесін де жауып алдық», – деді қала тұрғыны Ләззат Ортаева.

«Жатақхананы сыртын жөндеп, төбесін жауып, күрделі жөндеу жұмысын жасап берсе жақсы болар еді. Көпбалалы, жесірлер, жетімдер, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Көгілдір отын қосылмаған», – деді қала тұрғыны Тұрдықыз Омарова.

Мұндағы халық су, жарық, қоқыс үшін ай сайын тұрақты түрде ақша төлеп отырады. Олар осы уақытқа дейін жағдайымызды біліп бірде-бір жауапты маман, не аудан әкімдігінің өкілдері келмегенін айтады. Ал жатақханаға жауапты қалалық тұрғын үй басқармасының өкілдері болса, керісінше тұрғындармен ұдайы байланыста екенін алға тартты.

«Ол жердегі мәселе бойынша халықпен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Ең бірінші жұмыс –тұрғындардың құжаттын жасау. Бүгінгі таңға дейін азаматтардың сонда тұратынын дәлелдейтін бірде-бір құжаты болмаған. Мәселе шелілген соң, тұрғындар мен басқарма арасында жалға беру туралы келісімшарт жасалады», – деді Тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Көпжан Төлебаев

Жауаптылардың сөзіне сенсек, тиісті құжаттар жиналып, тұрғын үй комиссиясына ұсынылған соң, бірқатар мәселе шешімін табуы мүмкін. Ал жөнделуі тиіс жатақхананың жайы комиссия шешімінен кейін ғана белгілі болмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: