Жаңалықтар тізбегі
0

Мектепке кез-келген адамды мұғалім етіп ала беруге болмайды – Тоқаев

Мектепке кез-келген адамды мұғалім етіп ала беруге болмайды – Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 11:43 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысының сөзінше, адам капиталының сапасын барынша арттыру керек. Бұл мәселе оның айрықша назарында.

"Маған кейбір тәжірибелі ұстаздар тиісті министрлік дайындаған тапсырмалар тым күрделі деп шағымданды. Бәлкім, оны жеңілдету, жетілдіру керек шығар. Бұл салада қатып қалған қатаң ереже болмауы керек. Бірақ, негізі, ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуға тиіс. Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез-келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті, мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет".Қасым-Жомарт Тоқаев

Сонымен қатар президент білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға баса мән берілу керек екенін қоса кетті. Осы салаға нағыз кәсіби мамандарды тарту қажет.


"Бізде Президенттік жастар кадр резерві бар. Дәл сол сияқты білім саласына өзгеріс әкелетін 1 мың маман арнайы дайындықтан өтетін болады.Осыған орай, тиісті бағдарлама қабылданады.Кадр мәселесі жоғары білім беру жүйесі үшін де өте өзекті", - деді Тоқаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: