Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: Кез келген қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі

Ұлықтау рәсімі кезіндегі сөзі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2022 11:56 Сурет: akorda.kz
26 қарашада ұлықтау рәсімі кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі екенін айта келіп, баршаны бірлікке шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент тәуелсіз елімізді қуатты мемлекет ретінде ұрпаққа аманаттау – біздің борышымыз екенін баса атап өтті.

"Алда талай сынақтар, күрделі кезеңдер болуы мүмкін. Дегенмен ырысты ынтымағымызды сақтай білсек, алынбайтын асу жоқ. Мен бүгін халқымның алдында тұрып, бастаған ісіміз берекелі болсын деп тілеймін. Қазақ – ырымшыл халық. Мен биыл қасиетті Меккеге барған кезде Қағба төрінде ата-баба рухына құран бағыштап, Алладан бір-ақ нәрсе сұрадым. Ол – елдің амандығы". Қасым-Жомарт Тоқаев

Оның айтуынша, шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады.

"Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым. Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын! Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанмыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!". Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: