Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқына көңіл айтты

ҚР президенті, Қырғызстан, Садыр Жапаров, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2022 18:08 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта.

Қазақстан президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс 14 қыркүйек күні таңертең басталды. Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: