Жаңалықтар тізбегі
0

Альберт Рау мен Дания Еспаева мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып сайланды

Альберт Рау мен Дания Еспаева мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып сайланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 12:50 Сурет: parlam.kz
Альберт Рау мен Дания Еспаева мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Альберт Рау мен Дания Еспаева мәжіліс төрағасының орынбасарлары болып сайланды.

97 депутат дауыс берді, 96 депутат қолдады, біреуі қалыс қалды.

Бірер уақыт бұрын Ерлан Қошанов парламент мәжілісінің төрағасы болып сайланғанын хабарлаған едік.

Дания Еспаева 1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы, Яйсан ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары: 1982 жылы Алматы есеп-кредиттік техникумын, 1993 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік бітірді.

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1982 жылы КСРО Мемлекеттік Банкінің Ақтөбе облыстық Басқармасының несиелеу бөлімінің экономисі болып бастаған.
  • 1986-1987 жж. - КСРО Мемлекеттік банкінің Ақтөбе облыстық Басқармасының несиелеу бөлімінің аға экономисі.
  • 1988-1991 жж. – Промстройбанктің облыстық басқармасының ақша айналымы бөлімінің аға экономисі.
  • 1992 ж. - «Тұран» СҚ Ақтөбе филиалының бас есепшісі. 1992-1995 жж. - «Тұран» СҚ Ақтөбе филиалы директорының орынбасары.
  • 1995-1997 жж – «Алем Банк Қазақстан» Ақтөбе облыстық басқармасы несие бөлімінің бас маманы, несие бөлімі бастығының орынбасары, несие бөлімі бастығының міндетін атқарушы.
  • 1998 - 2005 жж. - «БТА Банкі» АҚ корпоративтік бизнес жөніндегі директордың орынбасары.
  • 2006 жылдан 2014 жылғы қарашаға дейін - «БТА Банкі» АҚ Ақтөбе филиалының директоры.
  • 2014 жылдың қараша айынан бастап «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры.
  • 24.03.2016 ж. – 14.01.2021 ж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VІ шақырылым Қаржы және бюджет комитетінің депутаты.
  • 2021 жылдың қаңтар айынан бастап жетінші сайланымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты- Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы. 

Альберт Рау 1960 жылы 1 қыркүйекте Қостанай облысының Валерьяновка ауылында туған. Рудный индустриялды институтын, Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген, экономика ғылымдарының докторы

Еңбек өтілі:

  • Еңбек жолын 1981 жылы Рудный индустриялды институты кәсіподақ комитетінің төрағасы болып бастады.
  • 1982 – 1984 жж. – Кеңес әскерінің қатарындағы қызмет
  • 1984 – 1991 жж. – Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты Қоржынкөл кенішінің өндірістік учаскесінде электр механик, кәсіподақ комитетінің төрағасы
  • 1991 – 1992 жж. – Лисаковск қалалық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің өндіріс бойынша бастығының орынбасары
  • 1992 – 1993 жж. – Лисаковск қалалық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы
  • 1993 – 1994 жж. – Лисаковск еркін экономикалық аймағы төрағасының орынбасары, төрағасы
  • 1994 – 1995 жж. – Лисаковск қалалық әкімшілігінің басшысы
  • 1995 – 2004 жж. – Лисаковск қаласының әкімі
  • 2004 – 2007 жж. – Қостанай облысы әкімінің орынбасары
  • 2007 – 2008 жж. – Астана қ. «Сарыарқа» ӘКК ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы
  • 2008 – 2010 жж. – Ақмола облысының әкімі
  • 2010 – 2014 жж. – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
  • 2014 – 2017 жж. – ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі, бірінші вице-министрі
  • 2017 – 2021 жж. – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, «AMANAT» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі
  • 2021 жылғы 15 қаңтардан бастап – жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, «AMANAT» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракциясының мүшесі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: