Зәкіржан Күзиев ҚХА атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды

Зәкіржан Күзиев Мәжіліс депутаты болып ҚХА-дан сайланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2022 16:23 Сурет: Instagram/kuziyev_zakirzhan
Зәкіржан Күзиев 60,94% дауыс жинап, ҚХА-дан Мәжіліс депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зәкіржан Күзиев 1969 жылы 30 қаңтарда Алматыда дүниеге келген.

Еңбек өтілі:

  • «Ремстройтехника» өндірістік бірлестігінде 5-разрядты ағаш ұстасы-слесарь (1990-1991);

  • Шағын өндірістік коммерциялық кәсіпорынның «Төрт және К» құрастыру жұмыстарын қадағалау бөлімінің нұсқаушысы (1991-1992);

  • «Бірлік» БАҰО директорының орынбасары (1992-1993);

  • «Назигум» шағын жеке кәсіпкерлігінің директоры (1993-1996);

  • «Универсал» АҚ президенті (1996-1999);

  • «Универсал» ЖАҚ директоры, бас директоры, «Бент-Анак» БК бас директоры (1999-2005);

  • «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС бас директоры (2005-2008);

  • «Универсал» ЖШС президенті, бас директорының кеңесшісі (2008-2010);

  • «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС құрылтайшысы (2005 жылдан), «Жаркент крахмал зауыты» ЖШС, «Универсал» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы (2016 жылдан)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: