Павлодар полицейлері РФ азаматшасының ұрланған көлігін тауып берді

Ұрланған көлік иесіне қайтарылды Сурет: ҚР ІІМ
Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Ресей Федерациясының азаматшасы Марина Платтиден полицияның тарапына алғыс сөздерімен бейнеөтініш келіп түсті.
"2020 жылы Ресей Федерациясының Новосібір қаласында Менің Toyota Highlander автокөлігім ұрланды. Іздеу туралы өтінішпен мен тұрғылықты жерім бойынша полицияға хабарластым. Мен іздеудің сәтті нәтижесіне үміттенген жоқпын және Павлодарлық полиция қызметкерлері маған қоңырау шалып, жақсы хабарды айтқан кезде өте қатты қуандым. Менің көлігім Қазақстан Республикасында Павлодар қаласында екені белгілі болды. Павлодар полициясының кәсіби іс-қимылдарының арқасында үлкен және мұқият жұмыс жүргізілді. Анықталғандай, бұл көлікте агрегаттық нөмірлер қолдан жасалған және көлік Алматы қаласының тұрғынына сатылған, – дейді Марина Викторовна."

Содан кейін автокөлік бірнеше рет қайта сатылды, соңғы сатып алушы павлодарлық болды. Сараптамадан кейін бұл көлік Ресей азаматына тиесілі екендігі анықталды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз