30 наурыздағы түскі саудада доллар тағы да құлдырады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,21 теңгеге арзандап, 448,05 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша 12:00-де 65,08 теңгеге (-0,33) түсті.
Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 486,91 теңге, рубль – 5,83 теңге.
Ақша айырбастау орындарында доллар 448-453 теңге, еуро 481-491 теңге, ресей рублі 5,65-5,95 теңге аралығында сатылуда.
Мұнай қымбаттап барады. Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстерінің бағасы барреліне 77,64 долларды құрап, 0,06%-ға, WTI мамыр айындағы фьючерстері 0,11%-ға, 73,05 долларға дейін өсуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript