Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Қаңтар оқиғасы Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Жетісу облысында қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған пневматикалық винтовкалар жасырылған орын табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, бұл факт 29 наурызда Кербұлақ ауданында тіркелді. Жасырын орынды жергілікті тұрғындар Қоғалы-Шаған тас жолының шетінен тауып, аудандық полицияға хабарлаған.


"4,5 және 6 мм калибрлі BSA Ultra, Action sport games және BSA Us үш пневматикалық винтовка тәркіленді. Қару 2022 жылдың қаңтарында Алматының аңшылық дүкендерінің бірінде ұрланғаны анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Қазір факт бойынша жиналған материал тәркіленген мылтықтармен бірге аталған полиция бөлімшесіне жіберілді

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз