Қаңтар оқиғасында қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару табылды
Сурет: polisia.kz
Қаңтар оқиғасында қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару Алматыдағы үш арнайы іс-шара кезінде тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы іс-шараны ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті өкілінің басшылығымен КПБ арнайы тобының қызметкерлері жүргізді.
Полицияның арнайы жасақтары осы жылдың қаңтар айында қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқан алты күдіктіні залалсыздандырды, деп жазады Polisia.kz.
Жедел мәліметтерге сәйкес, қаскөйлер қарудың бір бөлігін сатып үлгерген, екінші бөлігін жасырып қойған.
Қаруды тығып кеткен орын табылды. Оларды қаланың әртүрлі бөліктеріндегі қаңырап бос жатқан жерлерге жасырған.
Қоймалардан оптикалық көздеуіштер және басқа да аңшылық құралдары табылды.
Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды. Қылмыстық істерді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы тіркеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript