Алматыда қаңтар бүлігі кезінде ұрланған қару-жарақтың тағы бір партиясы тәркіленді
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Полиция қызметкерлері Алматы қаласында осы жылдың 5-6 қаңтарында болған бүлік кезінде қару-жарақ дүкендерінен ұрланған қару-жарақ партиясы орналасқан жерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен екі пышақ пен бір пневматикалық тапанша тәркіленген.
polisia.kz сайтының жазуынша, сондай-ақ полицейлер оның 43 жастағы сыбайласын ұстаған. Тінту барысында одан 19 пневматикалық қару, патрондар, 10 пышақ, бір арбалет, алты оптикалық көзілдірік және үш оптикалық құрылғы тәркіледі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Соынмен қатар олардың сыбайластарын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript