Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысты үш күдікті ұсталды

Арнайы іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2022 17:48 Сурет: Алматы қалалық ПД
Алматы полицейлері қару-жарақ дүкенінен ұрланған қаруды тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz

Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, “Камерад” қару-жарақ дүкенін тонаған үш адам ұсталды. Олардан бес мылтық тәркіленді.

Екі күдікті – Алматы облысының, тағы біреуі Жамбыл облысының тұрғындары. Соңғысы бұрын тонау бойынша сотты болған. Олар 22-24 жаста.

Алматы облысы, Қарасай ауданы аумағында арнайы іс-шара барысында екі күдікті ұсталды, тағы бір айыпталушы Алматыдағы Достық даңғылындағы сауда үйінде тұтқындалды. Олар қамауға алынды. Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов

Сурет: Алматы қалалық ПД

Оның айтуынша, ұсталғандардың басқа да заңсыз әрекеттерге, соның ішінде қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тәркіленген қару сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің тергеушілеріне тапсырылды.

Тергеу барысы мен нәтижелері Алматы қаласының полиция департаментінің бақылауына алынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: