Жаңалықтар тізбегі
0

1 сәуірден бастап қандай тауарларға ілеспе жүк құжаттар рәсімдеу қажет

СНТ, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2023 20:02 Сурет: pexels
Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 сәуірінен бастап тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелер күшіне енетінін ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, олар:

- "Виртуалды қойма" модулін қолдана отырып, мұнай өнімдері, алкоголь өнімдері, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар бойынша; 

- "Виртуалды қойма" модулін қолданбай ЕАЭО шеңберінде (барлық тауарлар бойынша) тауарлардың импорты/экспорты кезінде.

Қалған тауарлар бойынша тауарларға іліспе жүк құжаттарды қолдану ерікті негізде жүзеге асырылады.

Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеуге жататын тауарлардың тізбесі және рәсімдеу қағидалары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен реттеледі.

Тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бөлігіндегі бұзушылықтар үшін "Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1 бабында әкімшілік жауапкершілік көзделген. 

Бұл арада мына маңызды жайттарды айта кету қажет:

1. Тауарларға іліспе жүк құжаттарды электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде үш тәсілмен: esf.gov.kz порталында, салық төлеушілердің есепке алу жүйелері арқылы немесе ЭШФ АЖ мобильді қосымшасында рәсімделеді. Барлық көрсетілген әдістерге қол жеткізу тегін.

2.  "Виртуалды қойма" модулін қолданбай тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу үшін: рәсімдеу кезінде порталда "Тауар ВҚ емес" таңдауын пайдалану қажет; есепке алу жүйелерін пайдалану кезінде "Тауар идентификаторы" бағанында "1" саны қойылады.

3. Тауарларды "Виртуалды қоймаға" кірісті өшіру үшін (тауарларға іліспе жүк құжаттарды рәсімдеу бойынша міндеттемелері жоқ тауарлар бойынша) ЭШФ АЖ порталындағы параметрлерді өзгерту қажет (Параметрлер – ВҚ деректерді қабылдау)

4. Толық пайдаланушы нұсқаулығы "ЭШФ АЖ" бөлімі "ЭШФ АЖ" бойынша  құжаттар" қойындысы – "Пайдаланушы нұсқаулығы (жүктеу)" kgd.gov.kz сайтында орналастырылған.

5. Техникалық қолдау қызметі esfsd@kgd.minfin.gov.kz электрондық мекенжай бойынша және +7(7172)72-78-72 телефон линиясы бойынша 24/7 режимде жұмыс істейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: