Чилиде құс тұмауын жұқтырған адам тіркелді

Чилиде құс тұмауын жұқтырған адам тіркелді Сурет: primeminister.kz
Чилиде адам құс тұмауының H3N8 штаммын жұқтыру жағдайы расталды. Науқас әйелдің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чили Денсаулық сақтау министрлігі елде құс тұмауын жұқтырған алғашқы адам анықталғанын растады. 53 жастағы әйел ауырып қалды. Дәрігерлер науқастың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы BBN басылымы жазды.

Дәрігерлер әйелдің тұмауды қалай жұқтырғанын әлі анықтаған жоқ. Олар грипп қалай жұққанын анықтау үшін науқас әйелдің туыстары мен достарынан сұхбат алып жатыр.

29 наурызда қытайлық дәрігерлер адам құс тұмауын жұқтырған үшінші жағдайды ресми түрде растады. Вирус 56 жастағы әйелде анықталды.

Кейінгі зерттеулер құс тұмауының барлық континентке тарағанын көрсетті. Жабайы құстар арасында ауруды жұқтыру жағдайы расталды, олардан үй құстары жұқтыруы мүмкін. Құс тұмауының барлық континентке тарауы бүкіл әлемдегі азық-түлік қорына зиян келтіруі мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз