Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстау облысының тұрғындарына құс тұмауын жұқтыру қаупі бар екені ескертілді

Маңғыстау облысының тұрғындарына құс тұмауын жұқтыру қаупі бар екені ескертілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2024 10:52 Сурет: unsplash
21 желтоқсаннан бастап Қаракөлдің жағалауында аққулар жаппай қырылып жатыр. Зерттеу нәтижесі "құс тұмауы" (H5N1 штамы) себеп болды дейді. Эпидемиологтар облыс тұрғындарына ауру жұқтыру қаупі бар екенін ескертіп, аққулардың өлексесіне жақындамауды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы уақытқа дейін облыста адамдар арасында құс тұмауы тіркелмеген. Құс тұмауының вирусы адамнан адамға берілмейтінін есте ұстаған жөн.

Егер ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық маусымдық өсуі кезінде мына ұсыныстар орындалмаса, бұл вирустың халық арасында таралу қаупі бар:

  • инфекция ошағына (аққулар өлген жерлерге) барудан бас тарту;
  • маска тағыңыз, қолыңызды жақсылап жуыңыз және антисептик қолданыңыз;
  • ауру жұқтырған тірі (немесе өлі) құспен байланыста болмау (қауіп факторларына ауру құстың ұшасын сою, жұлу және өңдеу кіреді);
  • алғашқы белгілер байқалғанда өзін-өзі емдеуге болмайды, медицина көмегіне жүгіну керек, үйге дәрігер шақыру керек.

Бұған дейін аққулардың қырылу фактісі бірнеше рет тіркелді. Алайда мұндай жаппай өлім бұрын-соңды болмаған. Сарапшылар қазірдің өзінде 600-ден астам өлген құстардың өлексесін тапты, олардың саны артуы мүмкін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: