Алматыдағы жер сілкінісі: ТЖМ көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексерді
Сурет: Zakon.kz
"Қазселденқорғау" мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
"Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді". Төтенше жағдайлар министрлігі
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.
Еске салайық, 2026 жылғы 17 ақпан, сейсенбі күні Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезгенін хабарлаған едік. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript