Қазақстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісі: қираған ғимараттар бар ма

Қазақстанның оңтүстігіндегі жер сілкінісі: қираған ғимараттар бар ма, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2025 21:40 Сурет: Zakon.kz
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мамандары 5 тамызда болған жер сілкінісінен кейін өзен арналарына, гидротехникалық нысандарға, сондай-ақ көшкін және сел қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, ешқандай зақым анықталған жоқ – барлық нысан қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қирау мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 5 тамызда, Астана уақытымен 18:44-те жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Қырғызстан аумағында орналасқан.

Сейсмологтардың дерегінше, Қазақстан елдімекендерінде есептік қарқындылық 2 балға жетті.

Дүмпуді Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының тұрғындары сезді. Атап айтқанда, Мерке, Құлан, Тараз, Сарыкемер, Бауыржан Момышұлы, Аса, Түлкібас, Ленгер, Қордай, Манкент, Сайрам, Ақсукент, Шу, Қаратау, Төле би, Қазығұрт, Сарыағаш, Абай және Темірлан елдімекендерінде сезілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: