ТЖМ еліміздің шығысында тіркелген жер сілкінісі салдарына мониторинг жүргізді
Сурет: Өскемен қаласының әкімдігі
Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары сезген жер сілкінісіне мамандар мониторинг жүргізді, деп хабарлады Zakon.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
"Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Айта кетсек, Қазақстанда 2025 жылдың 23 шілдесінде жер сілкінісі болды. Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі екі облыста Астана уақытымен 15 сағат 37 минутта сезілгенін нақтылады. Магнитудасы 4 балл мен 2 балл аралығын қамтиды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript