Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды
Сурет: Indiana university
2024 жылдың 1 сәуірінде Жамбыл облысының тұрғындары жер дүмпуін сезінді ,- деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі Алматыдан батысқа қарай 308 км жерде сағат 11:14-те тіркелген.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы-10.2.
MPV магнитудасы – 5.3.
Жер сілкінісінің күші - Мерке кенті, 2 балл.
Зардап шеккендер мен қиратулар туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 2024 жылдың 4 наурызында, сағат 11:22-де Алматыда қатты жер сілкінісі болып, қала бойынша сиреналар естілген болатын. Қазақстандық сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің күші 5 баллды құрады.
2024 жылы Алматыда болған қатты жер сілкінісі туралы барлық жаңалықтарды сілтеме бойынша оқи аласыздар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript