Ыстамбұл маңындағы жер сілкінісі: Отандастарымыз арасында зардап шеккендер бар ма

Жер сілкінісі, Түркия, Қазақстан азаматтары, СІМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 18:31 Сурет: wikimedia/Petr Broz
Қатты жер сілкінісінен кейін Түркиядағы Қазақстан елшілігіне хабарласқан отандастарымыз болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта Түркия аумағындағы Қазақстан азаматтарынан Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығына өтініштер келіп түскен жоқ. Құзырлы ведомство Түркия билігімен және Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық өкілдіктерімен бірлесіп ахуалдың дамуын қадағалауда.

Ыстамбұл қаласындағы ҚР Бас консулдығының консулдық есебінде 1137 Қазақстан азаматы тіркелген.

Министрлік отандастарымызды сабырлық және қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ жергілікті билік органдарының нұсқауларын мүлтіксіз орындауға шақырды. 

Айта кетсек, Түркия билігінің ақпараты бойынша, 2025 жылғы 23 сәуірде Ыстамбұл маңында магнитудасы 6,2 балл жер сілкінісі орын алып, артынан афтершоктар жалғасуда. Түркиядағы қатты жер сілкінісіне байланысты Ердоған мәлімдеме жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: