Түркиядағы қатты жер сілкінісіне байланысты Ердоған мәлімдеме жасады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2025 17:24 Сурет: Facebook/Recep Tayyip Erdogan
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін Ыстамбұлда болған қатты жер сілкінісінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың 23 сәуірінде сағат 14:50 шамасында Ыстамбұлда 6,2 баллдық жер сілкінісі болды. Тектоникалық тербелістер түрік мегаполисінің әртүрлі аймақтарында сезіліп, халық арасында дүрбелең тудырды. Ыстамбұл мен Бурсаның бірқатар аудандарында жер асты дүмпулері сезілді.

Ntv.com.tr басылымының мәліметінше, жер сілкінісіне қатысты өз мәлімдемесінде түрік көшбасшысы азаматтарға қолдау білдірді.

"Мен өз азаматтарымызға тезірек сауығып кетуді тілеймін, біз оқиғалардың даму барысын мұқият қадағалап отырмыз", – деді Режеп Тайып Ердоған.

2025 жылы 19 сәуірде Ауғанстанда да жер сілкінісі болды. Оның толқыны Қазақстанда байқалмағанымен, Өзбекстанда сезілді.

 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: