Ердоған Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтты

Ердоған Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2025 11:37 Сурет: Facebook/RTErdogan
10 тамызда Түркияның президенті Режеп Тайып Ердоған елдің батысындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ердоған өзінің Facebook парақшасында барлық тиісті қызметтердің оқиға орнында алғашқы минуттардан бастап жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

"Құдай елімізді барлық апаттардан қорғасын", – деп жазды Ердоған жазбасының соңында.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар туралы ресми ақпарат жоқ. Түркияның ІІМ мәліметінше, қирандылардан төрт адам аман алып шығарылды, іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сындыргы ауданында электр қуаты мен табиғи газдың берілуі тоқтатылды.

Айта кетейік, дүмпу Стамбулдың батыс бөлігінде 21:55 (Астана уақытымен) шамасында 20-30 секундқа созылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: