Ердоған Джордж Мелониге темекіні тастау керек екенін айтты

Джордж Мелони, Италия премьер министрі, Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 12:11 Сурет: Х/GiorgiaMeloni
13 қазанда Мысырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Италия премьер-министрі Джордж Мелонимен Газа секторы мәселелері жөніндегі саммитте әңгімелесу кезінде темекіні тастау керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия президенті темекі шегуге қатысты қатаң саясатымен танымал. Ол 2009 жылы елде қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салды. Ал, 2020 жылы коронавирустың таралуын болдырмау аясында адамдар көп жиналатын жерлерде, атап айтқанда даңғылдарда, көшелерде, қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салды. Сондай-ақ, жұмыс орындарында ұжым болып тұтатуға да шектеу қойылды

Мысыр саммиті басталмас бұрын Түркия Президенті әлемдік көшбасшылармен әңгімелесті. Мәселен, Джордж Мелониге аудармашы арқылы келесіні жеткізді.

"Ол әдемі-ақ, бірақ оған темекіні тастау керек", – деді Ердоған.

Өз кезегінде Мелони Ердоғанмен бірден келісті.

"Иә, мен білемін, мұны білемін...",- деп тез жауап қатты.

Сол маңдағы Макрон күлімсіреп мұның мүмкін еместігін айтты.

Бұған дейін Байденнің Трампқа алғыс айтқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: