Ердоған Масктан Түркияда Tesla зауытын салуды сұрады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте америкалық кәсіпкер Илон Маскпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ердоған миллиардерді Tesla электр көлігі шығаратын жетінші зауытты Түркияда ашуға шақырды.
Сондай-ақ Түркия президенті елдің ғарыш бағдарламасы аясында SpaceX-пен ынтымақтастықты дамыту мәселесіне тоқталып өтті.
Бұған қоса Ердоған Маскты қыркүйек айының соңында Измирде өтетін технология көрмесіне қатысуға шақырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript