Байден Трампқа алғыс айтты

Байден Трампқа алғыс айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2025 09:26 Сурет: X/JoeBiden
АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден әлеуметтік желі X-тегі жазбасында Дональд Трампқа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байденнің айтуынша, ол тірі қалған соңғы 20 тұтқынның отбасыларымен қауышқан күні ерекше қуаныш пен жеңілдік сезінгенін жазды. Сондай-ақ Газадағы бейбіт тұрғындар ауыр сынақтан өтіп, енді өмірін қалпына келтіруге мүмкіндік алғанына ризашылық білдірді.

"Бұл келісімге келу оңай болған жоқ. Менің әкімшілігім тұтқындарды үйіне қайтару, палестиналық бейбіт тұрғындарға көмек көрсету және соғысты тоқтату бағытында аянбай еңбек етті. Президент Трамп пен оның командасының атысты тоқтату жөніндегі жаңартылған келісімге қол жеткізу жолындағы еңбегін жоғары бағалаймын", – деп жазды Байден.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мысырда Газа секторында атысты тоқтату туралы қорытынды келісімге қол қойылған еді. Осыдан кейін Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеуге көмектесе алатын адамды атаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: