Тоқаев Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады

Тоқаев Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2024 09:00 Сурет: flickr
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев Трамптың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

13 шілде күні кешке АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Пенсильвания штатында сайлауалды науқанындағы митингіде оған қастандық жасалды. Оның құлағын жарақаттап алған, митингіге қатысқан бір адам қайтыс болды, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Атқан адамды Құпия қызмет өлтірген.

Трамп өміріне қастандық жасалғанына қарамастан, өз жоспарынан бас тартпайтынын және 15 шілдеде Милуокиде (Висконсин) басталатын Республикалық партия съезіне қатысатынын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: