Енді статистикаға қатысты сұрақтарды жедел желі арқылы қоюға болады

Енді статистикаға қатысты сұрақтарды жедел желі арқылы қоюға болады Сурет: pexels
Қазақстанда статистика сұрақтары бойынша "1446" байланыс орталығы іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы 1446 байланыс орталығын іске қосты. Бұл нөмірге қалалық және ұялы телефондардан тегін хабарласуға болады. Байланыс орталығы жұмыс күндері 9.00-18.30 аралығында жұмыс істейді.

Байланыс орталығының операторлары Бюро қызметіне қатысты бірқатар мәселелер бойынша келіп түсетін қоңырауларға жауап беріп, өтініштерді қабылдай алады. Атап айтқанда, Бюро сайты бойынша ақпарат іздеу, статистикалық нысандарды толтыру мен олардың әдіснамасы, статистикалық есептілікті тапсыру кезінде туындайтын техникалық сұрақтар бойынша жүгінуге болады. 

Бірыңғай нөмір Бюро жұмысының тиімділігін арттыруға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға және өтініштердің өңделу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз