Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы хостелде болған өрт: жедел желі қосылды

Алматы, хостел, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2023 12:11 Сурет: unsplash
Хостелдегі өртке байланысты Төтенже жағдайлар департаментінде жедел желі іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жедел желі мына нөмірлер бойынша жұмыс істейді: 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84", – делінген хабарламада.

Алматыда 30 қараша күні таңертең ертемен Әди Шәріпов көшесінде орналасқан хостел өртенді. Өрт салдарынан 13 адам қаза тапты. Өрт кезінде жатақханада 72 адам болған, оның 59-ы сыртқа өз бетімен шыққан. ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматыдағы хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссия құрылды. Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алматы қалалық полиция департаменті таратқан мәліметке сай, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы). Тағы 9-ы – Қазақстан азаматтары.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: