Түркістан полицейлері пәтерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады

Пәтерге ұрлыққа түскен ұсталды Сурет: pixabay
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды.

Жәбірленуші ер адамның айтуынша, оның пәтерінен белгісіз біреулер тұрмысқа қажетті мүліктерін (газ плита, ванна, есептегіш құрал, газ пеші) жымқырып, 150 мың теңге шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Полицейлер ақпарат бойынша ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтауға кірісті. Куәлардан жауап алып, тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Бейнебақылау камералары тексерілді. Үш тәулік бойы үздіксіз атқарылған жұмыс нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.

Ол Ордабасы ауданының тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, күдікті ер адам сол маңайда құрылыс жұмыстарын жасаған. Содан жәбірленушінің пәтерінде көбіне болмайтынын біліп, түнгі уақытта ұрлыққа түскен. Тәртіп сақшылары күдікті жасырған бөтеннің мүлкін тауып, тәркілеп алды.

Заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз