Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та тұрып жатқан Димаш терезесіне Қазақстан жалауын іліп қойды

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 09:42 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Осылайша танымал әнші елінен жырақта жүрсе-дағы өзін Қазақстанның ажырамас бір бөлігі деп санайтынын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Танымал әнші АҚШ-тағы пәтерінде түскен суретін желіге жариялады. Онда ол үлкен терезеге Қазақстан жалауын іліп қойыпты.

"Лос-Анджелестің терезесі болса да, бірақ менің үйім Қазақстан", – деп жазды әнші суреттің сипаттамасында.



Желідегілер бұл суретті жылы қабылдап, қанша қашықта жүрсе-де туған Отаны Димаштың әрдайым жүрегінде екенін жақсы білетіндерін жарыса жазуда.

"Бұл баланы Қазақстаннан алып кетуге болатын шығар, бірақ бұл баланың жүрегіндегі Қазақстанды ешкім де ала алмайды".

"...Отаны жүрегінен орын тепсе, демек ол жүрген жердің барлығы өз үйіндей..."

"Әрине, Диконтай, қайда жүрсең де Отаның әрдайым сенімен бірге..."

Наурыз мейрамдарында бүгіндері АҚШ-та тұрып жатқан танымал әнші Алматыға келіп-қайтты. Ол ата-анасы мен жақындарын құттықтау үшін келген. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: