Жаңалықтар тізбегі
0

Бибісара Асаубаева Үндістан Гран-приінің тағы да көшбасшысы атанды

Шахмат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2023 09:59 Сурет: Instagram/bibisarachess
Екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-придің үшінші кезеңінде төртінші жеңісіне қол жеткізді, бұл оған осы турнирдің көшбасшылар тізіміне қайта оралуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтыншы раундта қара фигуралармен ойнаған Бибісара Асаубаева белгілі ресейлік шахматшы Полина Шувалованы жеңіп кетті. Бұл жеңіс қазақстандықтар үшін осы жарыстардағы төртіншісі болды. Өз активіне 4 ұпай жинап, Бибісара турнир кестесінің көшбасшысы, қытайлық Чжу Цзиньэрді қуып жетті, ал ол, әзірге мүлде жеңіліп көрмеген.

1 сәуірде Бибісара Асаубаева Азия чемпионы болып табылатын үндінің өте мықты шахматшысы Хампи Конерумен ойнайды.

Асабауева осы жарыстарда тек бір партияда жеңіліс тапты. Ол ресейлік Александра Горячкинаға жол беріп қойды. Дегенмен бұған дейін Бибісара Нино Батсиашвилиді (Грузия), Рамешбабу Вайшалиді және Харико Дроноваллиді (екеуі де Үндістаннан) жеңіп кеткен болатын. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: