Бибісара Асаубаева 2023 жылға арналған жоспарларын жария етті
Сурет: Instagram/drs_kz
Белгілі қазақстандық шахматшы, желтоқсан айының соңында блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанған 18 жастағы Бибісара Асаубаева алдағы маусымдағы негізгі мақсаттарынан хабардар етті, деп мәлімдейді Zakon.kz.
Бибісара Асаубаева Алматыдағы жеңісінен кейін Қытайда ерекше көзге түсті. Ол The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде екінші орынды иеленіп, күміс медальмен елге ұшып келіп, алдағы мақсат, жоспарлары туралы айтты.
"Биыл бірнеше ірі жарыстар жоспарланған. Солардың ішінде ең маңыздысы – әлемдік Гран-при сериясы, Әлем кубогы мен ғаламшар біріншілігі. Бұған қоса алдағы уақытта Қытайда өтетін Азия ойындарына қатысқым келеді". Бибісара Асабауева
Қытайдың Сиань қаласында өткен турнирде Бибісара 11 ойында 8,5 ұпай жинап, жарысты бірде-бір жеңіліссіз аяқтаған жалғыз шахматшы атанды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript