Жаңалықтар тізбегі
0

Әлем чемпионатында "алтын" еншілеген Бибісара өз жетістігінің құпиясымен бөлісті

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2022 12:46 Сурет: Instagram/bibisarachess
18 жастағы қазақстандық шахматшы, блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Алматыда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатындағы өз жетістігінің құпиясымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 желтоқсанда Бибісара Асаубаева екінші жыл қатарынан әйелдер арасындағы блиц бойынша алтын медаль иеленіп, әлем чемпионы атанды. 

"Өзенге қатарынан екінші мәрте сүңги алмайсың" деген бар ғой. Бірақ бұл өзенім - шахматтан әлем чемпионаты емес пе? Оның үстіне туған елім Қазақстанда өтіп жатқаны бар. Әрине, жауапкершілік орасан зор: чемпиондықты қорғауың керек, екінші рет қатарынан әйелдер арасындағы блиц бойынша әлем чемпионы болуың керек. Бірақ ол менің қолымнан келді. Бұл жолы 13 саны жеңіс әкелді. Тура осынша ұпай жинап, блицте бірінші орын иелендім. "Жеңіске жету үшін ең бастысы не?" деп маған жиі сұрақ қойылып жатады. Ашығын айтайын: бәрі! Дайындықтан, психологиялық көзқарастан бастап, туыстарыңның, жақындарыңның және жанкүйерлеріңнің қолдауына дейін".⠀ Бибісара Асаубаева

Шахмат жанкүйерлерінің көбісі, әсіресе қарсыластары Бибісары Асаубаеваның 2022 жылғы әлем чемпионатында дене қызуы болғанына қарамастан жарыстан шеттемей, онысын ешкімге білдірмей ойынға ден қойғанын біле бермейді. 

"Бұл жолғы дайындық ғарышқа ұшар алдындағы дайындыққа ұқсады десем, артық айтпаған болар едім. Анам ең мықты жаттықтырушылармен дайындық ұйымдастырды. Күнде күшейтілген режимде қызу дайындық жүріп жатты, ақырында ауырып тындым. Рапид бойынша жарыс болған барлық күндері дене қызуым болды. Көңілім түсіп кетті. Бірақ анам қажетті сөздерді тауып, дұрыс қолдап отырды. "Сара, сен блицте жеңіске жетесің!", - деді. Тура солай болды. Бізде бір қызық заңдылық бар. Анам қалай дейді, солай болады ғой. Ақыры, міне, көптен күткен медаль! Шахматтан әлем чемпионаты менің туған елімде, Қазақстанда өткеніне әрі басты жүлде "алтынды" өзімізде қалдыра алғаныма қатты қуаныштымын!"⠀ Бибісара Асаубаева


Бибісара Асаубаева блиц бойынша әлем чемпионатының соңғы турына дейін екінші орында тұрған болатын. Ол Үндістан өкілі Харику Даринавилумен "алтынға" таласып, жеңіске жетті.  



"Жеңісті анам Лиана мен әкем Мүсілімге арнаймын. Олар маған барын салды. Сондай-ақ маған сенім білдірген баршаға алғыс білдіремін. Осынау күндерді мені қолдап-қолпаштаған, бойыма сенім ұялата алған, жеңіске жетелеген барлық қазақстандыққа, шахматшыларға, жанкүйерлерге де. Мен үшін өздеріңіз қымбатсыздар. Өздеріңіздің қолдауларыңыз болмаса, маған қиын болар еді. Қазақстан жасасын! Шахмат жасасын!" Бибісара Асаубаева
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: